Ұлы ғалым Қаныш Сәтпаевтың жиен немересі өмірден өтті

01.07.2025, 13:55
4359
Ұлы ғалым Қаныш Сәтпаевтың жиен немересі өмірден өтті Саясат Нұрбектің парақшасынан

Химия ғылымдарының докторы Әлима Жармағамбетова бақиға аттанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен аптада отандық ғылым орны толмас қазаға ұшырады. 

Қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті химик, біртуар ұстаз, профессор Әлима Қайнекейқызы Жармағамбетова өмірден озды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

«Қаныш Сәтбаевтай тектінің тұяғы, ел ғылымының дара тұлғасы Әлима апайымыздың дүниеден озуы – барша ғылыми қауым үшін ауыр қаза. Қайнекейқызы өз саласының көшбасшысы, қажырлы зерттеуші және ғылымға жан-тәнімен берілген тұлға еді», – деп жазды министр.

Әлима Жармағамбетова – химия ғылымдарының докторы, ұзақ жылдар бойы ҚР Ұлттық ғылым академиясына қарасты Катализ және электрохимия институтында, кейін Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтында түрлі лауазымдарды атқарған. Ол инженерліктен бастап, зертхана меңгерушісіне дейінгі ғылыми жолдан өтті. Соңғы жылдары органикалық катализ зертханасын басқарды.

Ол еліміздің болашағы үшін ғылымның маңызын терең түсінген ұстаз болды. «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарға дәріс оқып, жүздеген шәкірт тәрбиеледі.

300-ден астам ғылыми еңбектің авторы атанған ғалымның мақалалары халықаралық беделді журналдарда жарияланды. Оның ішінде Scopus базасындағы CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 6 мақала мен 20-дан жоғары 4 мақаласы бар.

Әлима Қайнекейқызы Германия, Франция, Финляндия, Түркия, Ресей және Өзбекстанда өткен халықаралық конференцияларға қатысып, қазақ ғылымының мерейін шетелде көтерді.

«Қаныш Имантайұлының «Ғылымдағы басты тұлға – білікті кадрлар» деген сөзі бар. Әлима апай – дәл сондай тұлғаның жарқын үлгісі еді. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне және барша ғылыми қауымға қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп жазды Саясат Нұрбек.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды