581

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды  smartnews.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты
aa.com.tr

Зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасты. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сазілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.

UzNews.uz агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда жер сілкінісі қатты сезілді – түрлі қалада 4-6 балл аралығында.