5358

Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының тойына Қазақстан елшісі барған

Дәурен Абаев Дағыстандағы дүбірлі тойда қонақ болды.

Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының тойына Қазақстан елшісі барған
Рамзан Кадыров/Telegram

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы — Адам Қадыров 17 жасында үйленіп, Грозныйда дүркіреп өткен тойда Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев та қонақ болды. Бұл туралы Қадыровтың өзі Telegram парақшасында хабарлады.

Салтанатты шараға Қазақстанмен қатар Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері елшілері мен Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері — губернаторлар, үкімет мүшелері және өзге де шетелдік дипломаттар қатысты.

"Қадірлі достарым! Грозныйда соңғы күндері қадірлі меймандардың бас қосқаны — мен үшін үлкен қуаныш. Қазақстан, Иран, БАӘ және Түркия елшілері де арнайы келіп, қуанышымызды бөлісті", — деп жазды Кадыров.

Айта кетейік, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2023 жылдың шілдесінен бері Дәурен Абаев атқарып келеді. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінде және Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеген. Түрлі БАҚ деректерінде оның жары — Қадыровтың серігі, Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимхановтың немересі екені жазылған.

Материал авторы