Жерорта теңізінде қазақ мұнайы тиелген танкер жарылды

01.07.2025, 16:36
19595
Жерорта теңізінде қазақ мұнайы тиелген танкер жарылды EPA / ТАСС

Vilamoura танкерінде 1 миллион баррель мұнай болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жерорта теңізінде Ливия жағалауына жақын маңда қазақстандық мұнайды тасымалдаған Vilamoura танкері жарылып, машиналық бөлімі суға толды.

Танкерге иелік ететін TMS Tankers атты грек компаниясы кемені қазіргі таңда Грекияға қарай сүйреп бара жатқанын мәлімдеді. Оқиға кезінде экипаж түгел тірі, мұнай төгілу фактісі тіркелмеген. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз.

Vilamoura кемесі сәуір айында Усть-Луга, ал мамырда Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КТК) терминалында болған. Екі жағдайда да Қазақстан мұнайы – KEBCO тиелген. Бұл бренд – халықаралық нарыққа ресейлік инфрақұрылым арқылы шығарылатын қазақстандық мұнай.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, осыған ұқсас бірнеше оқиға биыл тіркелген: ресейлік порттарда болған кемелердің кемінде төртеуі жарылыс немесе зақымдану оқиғасына ұшыраған.

Vanguard Tech атты теңіз қауіпсіздігімен айналысатын ұйым бұл оқиғалардың барлығы бір-біріне ұқсас екенін айтады:

суасты бөлігінде белгісіз зақымданулар;

жарылыс ошақтары дәл мотор бөлігінде;

техникалық ақаулар тіркелмеген.

Осыған байланысты көптеген кеме иелері дрондар мен сүңгуірлерді қолданып, кемелерінің астын тексере бастаған.

Бұған қоса, Украина тарапы Ресей мұнайының экспорттық бағыттарын бұғаттайтыны туралы мәлімдеме жасаған. Бұл оқиға – сол мәлімдемелерден кейінгі шабуылдардың бірі болуы мүмкін.

Айта кетейік, КТК терминалы арқылы Қазақстанның шетелге шығатын мұнайының 80%-ы өтеді. Ақпан айында бұл терминал дронмен шабуылға ұшыраған болатын.

KEBCO маркалы қазақстандық мұнай ресейлік мұнайдан бренд, заңды мәртебе және құжат жағынан бөлінген, сондықтан АҚШ санкцияларына ілікпеген. Дегенмен, фактіде бұл бағыт та қауіпсіз емес екенін соңғы оқиғалар көрсетіп отыр.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді