Қазақстан банкіне жалған ақша өткізіп, Швецияға қашқан күдікті экстрадицияланды

22.03.2023, 12:18
622
Қазақстан банкіне жалған ақша өткізіп, Швецияға қашқан күдікті экстрадицияланды Smartnews.kz

Қазақстандағы банктердің бірінде жалған еуро банкноттарын айырбастап, шетелге қашқан күдікті азаматша Швециядан елге экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Экстрадициялау туралы шарттың болмауына қарамастан, Швецияның Әділет министрлігі қарым-қатынас қағидаты негізінде жалған банкноттарды ірі мөлшерде өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматша Б.-ны Қазақстанға беру туралы еліміздің Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды», - делінген ведомство ақпаратында.

Мәлім етілгендей, Қазақстан азаматшасы 2019 жылғы желтоқсан – 2020 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан банктерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің көмегімен жалған еуро банкноттарын айырбастаған деп күтіктеліп отыр.

«Қылмыс жасағаннан кейін Б., қазақстандық құқық қорғау органдарынан бой тасалады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Оның серіктестері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларына кесілген.

Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Б.-ны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды