16 жастағы қыз босанған соң 23 жастағы «әкеге» қатысты іс қозғалды

Азиз Қалижан Редактор
01.07.2025, 17:34
3901
16 жастағы қыз босанған соң 23 жастағы «әкеге» қатысты іс қозғалды әлеуметтік желіден

Ер адам әскери қызметкер дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың ана атану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың маусым айында 16 жастағы қыз дүниеге бала әкелген. Жасөспірімнің босануына байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ІІМ мәліметінше, аталған іс бойынша күдікті ретінде 23 жастағы ер адамның әрекеті тексеріліп жатыр. Тексеру барысында күдіктінің іс тіркелген уақытта әскери қызметкер болмағаны анықталған. Қазіргі таңда істің басқа мән-жайлары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда, жыныстық қатынас қыз 9-сыныпта оқып жүрген кезінде басталған. Одан кейін тараптар арасында келісім жасалып, жасөспірімді 23 жастағы ер адамға үйлендірген. Алайда араға алты ай салып, қыз қайтадан өз үйіне оралған.

Түркістанда 16 жастағы қыз босанды

Оқиға бойынша қоғамда резонанс туындап, мәселе жұртшылықтың назарын аударды. Жасөспірімнің туыстарының айтуынша, қыз медициналық мекемеге есепке тұру кезінде құқық қорғау органдарына “өз еркімен тұрмысқа шыққанын” жазып берген.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары іске қатысты барлық мән-жайды анықтап, заң аясында процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды