20 қазақстандық студент Қырғызстан ЖОО-нан оқудан шығарылады

02.07.2025, 09:50
2129
20 қазақстандық студент Қырғызстан ЖОО-нан оқудан шығарылады kabar.kg

Жалған студенттердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, 59 шетелдік студент оқудан шығарылмақ. Олардың қатарында 20 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы КАБАР агенттігі жазды.

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, аталмыш университетте формалды түрде тіркеуде тұрған студенттердің бір бөлігі оқу процесіне мүлде қатыспаған. Кейбірі ел аумағында да болмаған.

Тексеру нәтижесінде:

30 студент – Өзбекстан азаматы,

20 студент – Қазақстан азаматы,

9 студент – Ресей азаматы екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссиялық тексеру бұл мәліметтерді растаған.

Қазір ҰҚМК университеттегі заңбұзушылықтарға қатысы бар оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерді анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды