Қарағанды облысында пойыз қағып кеткен екі жасар бүлдіршін көз жұмды

02.07.2025, 11:02
2098
Қарағанды облысында пойыз қағып кеткен екі жасар бүлдіршін көз жұмды СР

Машинист жүк пойызын тоқтата алмай қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында теміржол бойында екі жасар бала пойыздың астына түсіп, қайтыс болды.

Оқиға 1 маусымда Қарағанөзек пен Қарабас станцияларының арасында болған. Баланың өмірі үшін бірнеше күн күрескен дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі рельс үстіндегі баланы көріп, апатты тоқтату тетігін басқан. Бірақ пойыздың екпіні соншалық – тоқтауға үлгермеген. Бала ауыр жараланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда алған жарақаттары өте ауыр болған.

– Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ жағдайы тым ауыр еді. Сәби көз жұмды, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Баланың теміржол бойына қалай тап болғаны, қай жерде қараусыз қалғаны және нақты кімнің жауапты екені анықталуда. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды