Макрон мен Путин 3 жылдан соң алғаш рет телефон арқылы сөйлесті

02.07.2025, 11:33
3224
Макрон мен Путин 3 жылдан соң алғаш рет телефон арқылы сөйлесті Getty Images

Екеуі 2 сағат бойы Украина мен Иран мәселесін талқылаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылдан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме 2 сағаттан астам уақытқа созылып, басты тақырыптар ретінде Украинадағы соғыс пен Иранның ядролық бағдарламасы қозғалды. Бұл туралы Елисей сарайы мен Кремль хабарлады.

Макрон: Украинаға бітім керек, Иран ядролық міндеттемелерін орындауы тиіс

Француз тарапының хабарлауынша, Макрон Путинге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде ядролық қауіпсіздік мәселесінде жауапкершілік бар екенін еске салып, Иранның ядролық қаруды таратпау туралы келісім аясындағы міндеттемелерін дереу орындауын талап етті.

Сондай-ақ Макрон Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге бітім жариялап, Киевпен тікелей келіссөздер бастауға шақырды. Франция басшысы Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын нақты мәлімдеді.

Путин: «Украинадағы соғыс – Батыстың саясатының салдары»

Кремль таратқан мәліметке сәйкес, Путин Украинаны «Батыстың антиресейлік плацдармына» айналдырғанын айтып, соғыстың түп-төркінін Ресейдің қауіпсіздік мүддесінің ескерілмеуінен көрді. Ол ұзақмерзімді шешім ретінде «украин дағдарысының түпкі себептерін жою» және «жаңа аумақтық шындықты мойындау» қажеттігін айтты.

Жалғасатын диалог

Екі ел басшылары Иран мәселесі бойынша позицияларын үйлестіруге және болашақта диалогты жалғастыруға уағдаласты. Макрон келіссөзден кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен де сөйлесіп, алдағы қадамдарды үйлестіру жайын талқылады.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: бұршақ пен дауыл күтіледі 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған