SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған бейнежазба Көкшетау тұрғындарының ашуын туғызды. Жергілікті тұрғын үй кешенінің лифтінде екі жас қыздың әдепсіз әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Камераға түсірілген кадрларда бойжеткендердің лифт ішінде әдейі әжетхана ретінде пайдаланғаны анық көрінеді. Ең сорақысы – олар камераның бар екенін біліп тұрып, әдейі объективке қарап жасаған.
Интернет қолданушылары оқиғаға қатысты наразылықтарын білдіруде:
«Осыларды қоғамдық жұмысқа тартып, шын дәретхананы жуғызып қойсын!», «Мұндайлардың тәрбиесі қайда кеткен?», «Ұят! Болашақ аналар деген осы ма?», «Камера бар екенін біле тұра жасап тұр»
Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады. Құқық қорғау органдары кінәлілерді жауапқа тарту мәселесін қарап жатыр.
Көпқабатты үй тұрғындары қыздардың жауапкершілікке тартылып, тұрғындардан жария түрде кешірім сұрауын талап етуде.