АҚШ Украинаға уәде еткен оқ-дәрілерді бермей қойды

02.07.2025, 15:02
2848
АҚШ Украинаға уәде еткен оқ-дәрілерді бермей қойды Norwegian People's Aid/С. Окампо

Америка басқа елдерге де көмек көрсету үшін оқ-дәрілерді жіберуді тоқтатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Пентагон Украинаға Patriot зениттік жүйесіне арналған зымырандар, Hellfire ракеталары және жоғары дәлдіктегі артиллериялық оқ-дәрілерді жеткізуді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Politico жазды.

Басылым мәліметінше, шешім АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колбидің бастамасымен маусым айының басында қабылданған. Пентагон аталған оқ-дәрілердің АҚШ-тың өзіндегі қорларының тым азайып кеткенін алға тартып отыр.

«Patriot жүйесі – Украина әуе шабуылынан қорғануының өзегі. Бұл жүйе күн сайын адамдардың өмірін құтқарып жатыр. Егер бұл ақпарат рас болса, онда мырза Колби украиналық әскерилер мен бейбіт тұрғындардың өліміне әкелетін шешім қабылдап отыр», — деді Огайо штатының конгрессвумен-демократы Марси Каптур.

Ақ үй: "Бұл – АҚШ мүддесі үшін қабылданған шешім"

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли Politico-ға берген түсініктемесінде бұл шешімнің «АҚШ ұлттық мүдделерін сақтау үшін» қабылданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл — Америка тарапынан басқа елдерге көрсетілетін әскери көмекке жасалған ішкі шолу нәтижесі.

Байден әкімшілігі келіскен қару жеткізілімі тоқтады

Жеткізілім тоқтатылған оқ-дәрілер Украинаға соңғы екі жыл ішінде екі арна арқылы жіберіліп келген. Бірі Пентагонның қазіргі қорларынан, кейін шығын өтеліп отырған. Екіншісі Украина қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы (USAI) аясында — бұл бағдарлама бойынша АҚШ қорғаныс компанияларынан тікелей сатып алу жүргізілген.

Politico жазуынша, Байденнің президенттік мерзімі аяқталғанша USAI аясындағы барлық қаражат бөлініп қойған, ал жеткізілім тек жүйелер дайын болған жағдайда ғана жүзеге асырылған.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)