4468

Әбиба Әбужақынова ҚазҰУ-ды қызыл дипломмен тәмамдады

Париж олимпиадасына қатысқан балуан қыз оқуын тәмәмдады.

Әбиба Әбужақынова ҚазҰУ-ды қызыл дипломмен тәмамдады
әлеуметтік желі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер дзюдо құрамасының көшбасшысы, танымал спортшы Әбиба Әбужақынова жоғары оқу орнын үздік дипломмен аяқтады.

Спортшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін қызыл дипломмен бітірген. Бұл жайлы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде хабарлады.

«48 келі салмақта әлемнің үздік дзюдошыларының бірі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия біріншілігінің күміс иегері, Grand Prix турнирінің чемпионы Әбиба Әбужақынова ҚазҰУ-дың заң факультетін үздік дипломмен аяқтады. Батыр қарындасымызды осы жетістігімен құттықтаймын!», — деп жазды депутат.

Материал авторы