Зеленский Ресеймен текетіресіп жатқан Әзербайжан президентіне қолдау білдірді

02.07.2025, 15:52
3740
Зеленский Ресеймен текетіресіп жатқан Әзербайжан президентіне қолдау білдірді Украина президентінің кеңсесі

Әзербайжан халқына қолдау көрсетіп, Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Бакуге қолдау білдірді.

Сөйлесу барысында Зеленский Украинаның аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін Әлиевке алғыс айтты. Сонымен қатар, Украина басшысы Ресейдің әрекеттерін сынап, Баку халқының жағында екенін мәлімдеді.

«Ресей Әзербайжан азаматтарын мазақ етіп, республикаға қоқан-лоққы көрсетіп жатқан сәтте, Украина тарапынан нақты қолдау білдірдім», – деп жазды Зеленский өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Мемлекет басшысы Ресей аумағында қаза тапқан әзербайжандық азаматтарға байланысты көңіл айтты. Оның сөзінше, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуы керек, ал кінәлілер әділ жазалануы тиіс.

«Президент Әлиев екеуміз бір пікірдеміз: әр адамның өмірі мен абыройы қорғалуы керек», – деді Зеленский.

Ресей мен Әзербайжан арасындағы дағдарыс

Екі ел арасындағы қатынас 27 маусымда Екатеринбургтегі рейдтен кейін ушыға түсті. Онда әзербайжан диаспорасының 50-ге жуық өкілі ұсталып, 2001–2011 жылдары жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілген.

Басты күдіктілер — Сафаровтар бауырлары — тергеу кезінде көз жұмды. Бірі жүрек жеткіліксіздігіненқайтыс болды деген ресми ақпарат тарады. Екіншісінің өліміне қатысты тексеру жалғасуда.

Осыған байланысты Бакудегі Ресей елшісі шақыртылып, Әзербайжан СІМ тарапынан ресми қарсылық нотасытабысталды. Сонымен бірге, ел билігі Ресеймен байланысты мәдени шаралардың бәрін доғару туралы шешім қабылдады.

«Sputnik-Әзербайжан» кеңсесінде тінту

30 маусымда Әзербайжан полициясы Бакудегі «Sputnik-Әзербайжан» редакциясында тінту жүргізіп, алаяқтық, көлеңкелі кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру баптары бойынша іс қозғады.

Нәтижесінде бас редактор Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусов төрт айға қамауға алынды, тағы бес адам қылмыстық жауапқа тартылды. Жергілікті БАҚ бұл тұлғаларды ФСБ агенттері деп атаған. Алайда "Sputnik" басшылығы бұл жалған айып екенін мәлімдеді.

Кремль болса, бұл оқиғалар Ресей-Әзербайжан қарым-қатынасына әсер етпеуі керек деп мәлімдеді. Президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу Бакумен жақсы қарым-қатынасты сақтауға мүдделі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді