Әзірбайжан Ресейге ресми наразылық білдірді

03.07.2025, 09:47
2509
Әзірбайжан Ресейге ресми наразылық білдірді AP Photo

Наразылыққа себеп – Ақтауда құлаған AZAL ұшақ апаты мен этникалық рейдтер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 шілде күні Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Бакудегі елшісі Михаил Евдокимовты шұғыл түрде шақырып, ресми нота тапсырды.

Наразылыққа бірнеше оқиға себеп болды — олардың қатарында AZAL әуе компаниясының ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауы мен Ресейдегі әзірбайжан азаматтарына қарсы бағытталған іс-әрекеттер бар.

Ұшақ апаты мен Ресейдің үнсіздігі

2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL ұшағы Ақтауға жақын маңда құлаған болатын. Бұл трагедияға байланысты Мәскеу тарапынан ашық тергеу де, ресми түсініктеме де берілмеген. Әзірбайжан тарапы бұл әрекетсіздікті «қабылдауға болмайды» деп санайды.

Жуырда әзірбайжандық БАҚ ресейлік ұшқыштың түсініктемесін жария етті. Құжатқа сәйкес, ол беспилотниктер шабуылы кезінде әуеде белгісіз нысананы жою туралы бұйрық бергенін растаған. Бұл түсініктеме шынайы болуы мүмкін, дейді сарапшылар.

Әзірбайжан апатқа толық әрі әділ тергеу жүргізуді, кінәлілерді жауапқа тартуды және құрбан болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

Екатеринбургтегі рейдтер және этникалық қысым

27 маусымда Ресейдің Екатеринбург қаласында әзірбайжан диаспорасына қарсы жаппай рейдтер жасалып, шамамен 50 адам тергеуге алынған. Нәтижесінде екі адам қайтыс болды, тағы бірнешеуі ауыр жараланған. Әзірбайжан тарапы бұл оқиғаларды этникалық сипаттағы қысым ретінде қабылдап отыр.

Сыртқы істер вице-министрі Араз Азимов Ресейдің әрекетін «достыққа қарсы және арандатушылық» деп атады. Оның айтуынша, «этникалық қылмыстық топтар» деген ұғымдарды ресейлік тараптың қолдануы — ашық араздықты қоздыру.

«Sputnik-Азербайджан» ісі мен БАҚ қысымы

Сондай-ақ Баку жақында ресейлік «Sputnik-Азербайджан» редакциясына қатысты тергеулерді заң аясында жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал Мәскеу бұл тексерулерді қысым деп бағалауда.

Қарым-қатынастағы дағдарыс

Әзірбайжан тарапы Мәскеуге ескерту жасады:

«Қысым мен этникалық өшпенділік – көршілік қатынастың жолы емес».

Егер Ресей тарапы саясатын қайта қарамаса, екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі нашарлауы мүмкін.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады