Биылғы көктемде Tasqyn жүйесі 10 облыста су тасқынының алдын алуға көмектескен

03.07.2025, 10:28
2677
Биылғы көктемде Tasqyn жүйесі 10 облыста су тасқынының алдын алуға көмектескен БҚО ТЖМ

Жүйені тұрақты жетілдіріп жатырмыз дейді министр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның 10 өңірінде көктемгі су тасқыны қаупін болжауға Tasqyn ақпараттық жүйесі мүмкіндік берді.

Жүйе 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында елді мекендер бойынша нақты модельдеу жүргізіп, ауқымды су тасқынының алдын алуға ықпал етті, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жобамен қамтылған облыстар:

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Абай және Ұлытау.

Нақты нәтиже:

Tasqyn жүйесі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында кейін су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала дәл болжам жасаған.

Жүйе өзендердегі су деңгейі мен ағынын, су қоймаларынан жіберілетін су көлемін, жер бедерінің цифрлық карталары мен батиметриялық деректерді ескеріп, табиғи апат қаупін нақты болжайды.

Министр Аслан Абдраимовтың айтуынша, жүйе жұмысын жақсарту үшін Жол картасы дайындалған. Онда цифрлық модельдер дәлдігін арттыру, гидрологиялық есептеу әдістерін жетілдіру және Tasqyn жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар қамтылған.

«Жүйені жетілдіру тұрақты түрде жалғасады. Сонымен қатар шекаралас елдермен дерек алмасу, су қоймаларына мониторинг жасау, төтенше жағдайлар қызметін дер кезінде хабардар ету – негізгі басымдықтардың бірі», – деді министр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады