Израильдің таңертең Газаға жасаған соққысынан 39 палестин азаматы қаза болды

03.07.2025, 11:00
3052
Израильдің таңертең Газаға жасаған соққысынан 39 палестин азаматы қаза болды Hani Alshaer – Anadolu Agency

Гуманитарлық көмек күткен жазықсыздар кезекте тұрып мерт болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль әскері таңғы уақытта Газа секторындағы бірнеше ауданды, оның ішінде тұрғын үйлер мен босқындар тұрған шатырларды атқылап, салдарынан кемінде 39 палестиндік көз жұмды.

Атыс кезінде 15 адам гуманитарлық көмек кезегінде тұрған кезде қаза тапқан.

Хан-Юнус қаласының Әл-Меваси ауданында бір үйге жасалған шабуылдан екі адам мерт болды. Сол қалада босқындарға арналған үш шатырға тасталған бомбаның салдарынан 12 палестиндік опат болды.

Сонымен қатар Хан-Юнустың басқа бір бөлігінде үш адам оққа ұшып, тағы екі адамның денесі қирандылар астынан табылды.

Газа секторының орталығындағы Салах ад-Дин даңғылында гуманитарлық көмекке кезекке тұрған тұрғындарға шабуыл жасалып, 10 адам қаза тапты, 50-ден аса адам жараланды.

Дейр әл-Балах қаласында бес, Рафахта гуманитарлық көмек тарату пункті маңындағы шабуылдан тағы бес адам мерт болды.


Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)