Жасөспірімдерді зорлап, әйелдерді саудалаған әйгілі ПиДидди түрмеге қамалатын болды

03.07.2025, 11:54
3438
Жасөспірімдерді зорлап, әйелдерді саудалаған әйгілі ПиДидди түрмеге қамалатын болды CNN

Шон «Дидди» Комбс жылдар бойы жезөкшелікке жеңгетайлық еткені әшкере болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, америкалық танымал рэпер Шон «Дидди» Комбс Нью-Йорктегі Манхэттен федералды сотында жезөкшелікке жәрдемдесу бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Алайда рэкет пен адам саудасы бойынша тағылған ауыр айыптардан ақталды. Бұл Комбсқа өмір бойы бас бостандығынан айырылу қаупінен құтылуға мүмкіндік берді.

55 жастағы музыкантқа қатысты сот процесі екі айға жуық уақытқа созылды. Прокуратура оны әйелдерді бірнеше күнге созылатын жыныстық кештерге тартқан қылмыстық топтың басшысы ретінде сипаттады. Куәгерлердің айтуынша, кештерде әйелдерге есірткі мен ішімдік беріліп, зорлыққа ұшыраған. Кей жағдайларда бәрі видеоға түсірілген. Ал қорғаушылар бұл әрекеттердің барлығы екі жақты келісіммен болғанын айтып, Комбсты бұрынғы серіктестер мен бәсекелестердің кек алу нысанына айналды деп мәлімдеді.

Рэперге үкім кейінірек жарияланады. Қазіргі айып бойынша ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 2023 жылы Диддидің бұрынғы жұбайы оны зорлық-зомбылық, есірткіге мәжбүрлеу, жыныстық қатынасқа зорлау және басқа ер адамдармен жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша айыптаған болатын. Осы шағымнан кейін басқа да жәбірленушілер пайда болып, олардың арасында кәмелетке толмағандар да болғаны туралы мәліметтер тарады.


Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады