Павлодарда өгей әке кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 23 жылға сотталды

03.07.2025, 13:31
3644
Павлодарда өгей әке кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 23 жылға сотталды көрнекі фотосурет / Sirojiddin Media

Алғаш рет зорлағанда қыз бар болғаны 8 жаста болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты өгей әкені кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін қатаң жазаға кесті. Ол 23 жылын орташа қауіпсіздік мекемесінде өткізеді.

Ер адам екі бірдей бап бойынша — ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі және 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағанға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) бойынша кінәлі деп танылды.

«Сотталушыны жоғарыда аталған екі баппен кінәлі деп танып, жиынтық түрде 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деп үкім оқыды судья Нұрлан Айтбаев.

Соттың түсіндіруінше, қылмыс ескі Қылмыстық кодекс редакциясы күшінде болған кезде жасалған, сондықтан сол кездегі жаза нормалары қолданылды.

Сотталушы жәбірленушіге 8 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам қызды алғаш рет 2017 жылы, оның жасы 8-де болғанда зорлаған. Ол кезде анасының азаматтық некедегі күйеуі болған. Кейін екеуі заңды некеге тұрған соң Майқайың кентіне қоныс аударған, сол жерде зорлық әрекеттерін жалғастырған.

Қазіргі уақытта сотталған азамат – төрт баланың әкесі. Ұсталмастан бұрын Павлодар облысындағы алтын өндіретін кәсіпорында слесарь болып жұмыс істеген.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды