«Жалғыз анашым бар»: Ақтөбеде зейнеткерлерді өлтіріп, әйелді кепілге алған қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

03.07.2025, 15:05
3581
«Жалғыз анашым бар»: Ақтөбеде зейнеткерлерді өлтіріп, әйелді кепілге алған қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін әлеуметтік желіден

Ақтөбеде Басановтың ісі бойынша сот отырысы бітуге таяу.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде әйелді кепілге алған С.Басановқа қатысты сот процесінде прокурор айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жарыссөз өтті.

Прокурор Гүлзира Көшербаеваның айтуынша, сотталушының кінәсі куәгерлердің жауабы, жәбірленушілердің түсінігі мен сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген.

«Басанов аса ауыр қылмыс жасады. Ол сау болған, мас емес, аффект күйінде болмаған. Психикалық ауытқуы жоқ. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 126-бабының 2-бөлігі (бостандықтан заңсыз айыру) және 107-бабы (денсаулыққа орташа ауырлықта зиян келтіру) бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керек», – деді прокурор.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы жәбірленушілердің моральдық және материалдық өтемақы талаптарын қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың талабын қолдады.

Сотталушы соңғы сөзінде анасы мен баласы барын айтып, жеңіл жаза сұрады:

«Мен қатігез адам емеспін. Армандарым көп еді. Анашыма да, балама да керекпін. Өмір сүргім келеді», – деді С.Басанов.

Сот үкімі бүгін, 3 шілде күні, сағат 17:30-да жарияланады.

Еске салсақ, 13 қаңтар күні Ақтөбеде ер адам әйелді кепілге алып, салдарынан үш адамның екеуі қаза тапқан, біреуі ауруханаға жеткізілген. Қамауға алынған күдіктіге бірнеше бап бойынша айып тағылған. Сот барысында айыпталушы кінәні ішінара мойындады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады