SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырап, аман қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.
«Бір құдай сақтады. Астанаға зорға жеттік. Трассада жол апатына ұшырап, аман қалып, бір Алланың қалауымен үйімізге аман-есен жеттік», – деп жазды әнші.
Әншінің айтуынша, жағдай түнде болған көрінеді.
«Түнде жолда болған жағдай. Ол да бір сынақ немесе «абайлап жүр» деген бір белгі шығар. Өмірді ерекше бағалап қалдық. Аман қалғанымыз – бір тәңіріміздің қорғағаны. Сансыз шүкір», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Маржан Арапбаеваға жылы лебіздерін білдіріп, амандығына қуанып жатқанын жеткізді.
RUS