Танымал вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты (ВИДЕО)

04.07.2025, 09:55
1363
Танымал вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты (ВИДЕО) жеке парақшасынан

Шерниязов құтылып, Төребаев түрмеде қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық пирамида құру ісі бойынша сотталған вайнер Мейірхан Шерниязов жазасын өтеп, бостандыққа шықты.

Ол әлеуметтік желіде отбасымен қауышқан сәттің видеосын жариялады. Кадр сыртында: 

«Он жылды жоғалтқаныңа өкінбейсің бе, бауырым?» деген сұрақ естіледі.

Шерниязов 2022 жылдың сәуірінде вайнер әрі актер Мейіржан Төребаевпен бірге қамауға алынған. Екеуі де 2023 жылдың маусымында ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы ("қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету") бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған.

Сот шешіміне сәйкес, Шерниязов пен Төребаев тек Mudarabah Capital пирамидасын жарнамалап қана қоймай, одан табыс та алған. Кейін Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрап, өтініш түсірген. Алайда 2024 жылдың желтоқсанында сот оны қанағаттандырмады — себебі ол жәбірленушілерге келтірілген залалдың 0,01%-ынан да азын ғана өтеген.

Mudarabah Capital және Astex.kz пирамидалары бойынша айыпталғандар қатарында 10-нан астам адам нақты түрме жазасын алды. Олардың қатарында:

  • Руслан Бұрқанов — 12 жыл,

  • Дания Рахимова — 10 жыл,

  • Алмас Құрманғалиев — 14 жыл.

Зардап шеккен салымшыларға келтірілген жалпы шығын көлемі – 1,8 миллиард теңгеден асады.

Ал Әділет Ораз пен Әзизжан Саидбаев секілді кей айыпталушылар халықаралық іздеуде.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады