Зеленский: Украина бәрібір дегеніне жетеді

04.07.2025, 10:12
3602
Зеленский: Украина бәрібір дегеніне жетеді Ukrainian Presidential Press Office via AP

Мажарстанның қарсылығына қарамастан Зеленский ЕуроОдақ-пен келіссөзге келмек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Еуропалық Одаққа кіру жолындағы кедергілерге қарамастан, келіссөздерді алға жылжыту үшін "барлық қажетті қадамды" жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Данияда, Орхус қаласында сөйлеген сөзінде айтты.

«Украинаны бұл жолдан ешкім тайдыра алмайды. Бұл – бірлікке байланысты. Біз өз тарапымыздан барлығын жасаймыз. Бізге басқа ел көшбасшыларының қолдауы қажет», – деді Зеленский.

Мұндай мәлімдеме Киевтің ЕО-мен мүшелік бойынша ресми келіссөздерді бастау жоспарына Венгрия вето қойған тұста айтылды.

Дания — Украинаға мықты одақтас

Зеленскийдің жанында сөйлеген Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Еуроодаққа төрағалығы кезінде Венгрияға "максималды қысым" жасап, Украинаның еуропалық болашағын қолдайтынын айтты.

«Украина — Еуропа отбасының мүшесі. НАТО-ның да», – деді Фредериксен.

Фредериксен сондай-ақ, ЕО-ның Украинаға қолдау көрсету тәсілін өзгерту қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қазір украин әскері бүкіл Еуропаны қорғап отыр:

«Біз қару жеткізген кезде оны қайырымдылық емес, өзіміздің қайта қарулануымыздың бір бөлігі деп қарауымыз керек».

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен елдерді Security Action for Europe (SAFE) бағдарламасы аясында Украинаны тікелей қаржыландыруға шақырды. Бұл бағдарлама 150 миллиард еуроны көздейді.

«ЕО елдері бұл қаржыны пайдаланып, Украинаға қару сатып алып беруге немесе украин қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция салуға болады», – деді фон дер Ляйен.

АҚШ-тың қару-жарақ жеткізуді уақытша тоқтатуына қатысты Зеленский президент Дональд Трамппенжуырда сөйлесетінін мәлімдеді. Ал Фредериксен АҚШ-тың қолдауы жалғасады деген үмітте екенін, бірақ қажет болса, Еуроодақ ол бос орынды толтыра алатынын айтты.

Айта кетейік, Украина мен ЕО арасындағы мүшелік келіссөздері Венгрияның кедергісіне тап болды. Будапешт бұған дейін де бірнеше рет Киевке қарсы позиция танытып келген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды