Атырау облысында қарлығаш ұясын сақтап қалғысы келген азамат жұмыстан кетті (ВИДЕО)

04.07.2025, 10:44
1653
Атырау облысында қарлығаш ұясын сақтап қалғысы келген азамат жұмыстан кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Құрылысшы Асқар Иманғали техниканы тоқтатуға тырысқанмен, оны ешкім тыңдамаған...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында, Индер ауданы мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы құрылыс алаңында табиғат пен техниканың қақтығысы орын алды.

Газ құбырын төсеу жұмыстары кезінде экскаватор жүргізушісі Аскар Иманғали бірнеше апта бұрын қазылған траншеядан тірі балапандарды байқаған. Оның айтуынша, ол алдымен шиқылдаған дыбыс естіп, жақындап барғанда ондаған құстың балапандарын көрген.

«Қолымнан келмеді. Ковшты түсіре алмадым. Бұл тіршілік қой. Жұмысымнан айырылып қалатынымды білдім, бірақ оларды көме алмадым», – дейді құрылысшы.

Асқар бұл сәтті видеоға түсіріп, компания басшылығына жолдаған. Ол Теңіз кен орнында шетелдік мердігерлер де балапандар ұшып кеткенше жұмысты тоқтатқан жағдайды еске салған. Алайда бұл жолы құрылыс тоқтатылмады – келесі күні-ақ траншея құммен көміліп, Асқар жұмыстан шеттетілді, оның орнына басқа оператор келді.

«Мен ештеңе істей алмадым. Балапандар тірідей көмілді. Бұдан кейін ол жерге қайта бара алмадым. Бұл – нағыз күйзеліс болды», – дейді ол.

Оқиға қоғамда кең резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Асқардың әрекетін адамгершіліктің үлгісі деп бағалап, оған қолдау білдіріп жатыр:

«Бүгін көрген ең жүрекке жылы видео. Оны жұмыстан шығармаңыздар!», «Қазіргі заманда мұндай жүрегі жұмсақ, мейірімді адам сирек. Бұл – үлкен адамгершілік.», «Мұндай адамдарға жалақы емес, сыйақы беру керек. Нағыз батыр!»

Кейбір қолданушылар қарлығаш киелі екенін еске салды.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады