Бүгін түнде Ресей Украинаға дрондар және баллистикалық зымырандармен жаппай соққы жасады

04.07.2025, 15:05
5953
Бүгін түнде Ресей Украинаға дрондар және баллистикалық зымырандармен жаппай соққы жасады ДСНС Київ

Украина әскері 478 дронды қағып түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 4 шілде түні Ресей әскері Украина аумағына дрондар мен баллистикалық зымырандар арқылы жаппай шабуыл жасады. Киевте кемінде 23 адам жарақат алды, олардың арасында 10 жастағы бала бар. Украина Қарулы күштері бұл шабуылды «антирекорд» деп атады.

Ресей әскері Киевке, Днепрге, Кременчуг, Кривой Рог, Харьков және Житомир қалаларына бағытталған 550 әуе соққы құралын қолданған. Украина Қарулы күштерінің дерегінше, 478 дрон, сондай-ақ «Кинжал» және «Искандер» баллистикалық зымырандары жойылған. Бұл – бір түнде жасалған ең ірі әуе шабуылы деп бағаланды.

Киевте алты ауданның тұрғын үйлері мен инфрақұрылымы бүлініп, өрт шықты. 23 адам жарақат алды, оның ішінде 14 адам ауруханаға жеткізілген. Қалада ауада жану өнімдерінің шоғырлануы артқан.

Түнгі сағат 02:30 шамасында Киевте бірінен соң бірі жарылыстар болды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс белсенді жұмыс істеді. Теміржол желілері де зардап шегіп, батыс бағыттағы жолаушылар пойыздары басқа маршрутқа ауыстырылды. Бұл кешігуге себеп болды.

Дрондармен басқа өңірлерге де соққы жасалды

Ресей әскері Днепропетров облысына дрондар мен артиллерия арқылы шабуыл жасады. Инфрақұрылым мен тұрғын үйлер бүлінген. Полтава облысында жеке үйдің ауласына дрон қалдығы құлап, екі адам жарақат алды.

Харьков пен Донецк бағытындағы жағдай

DeepState жобасының дерегі бойынша, Ресей әскері Харьков облысындағы Меловое мен Строевка елді мекендерін басып алған. Сондай-ақ жау Тополя (Харьков обл.), Федоровка және Поддубное (Донецк обл.) маңында ілгерілеп жатыр.

Украин дрондарының жауап соққысы

Сол түні Украина дрондары Ресейдің Ростов облысы мен Мәскеу маңындағы Сергиев-Посад ауданына соққы жасаған. Ростов облысы әкімінің міндетін атқарушы Юрий Слюсардың айтуынша, Азов қаласында бірнеше көлік бүлініп, тұрғын үйлердің терезелері сынған. Дрон қалдықтары жергілікті стадионға құлаған.

Долотинка кентінде дрон соққысынан көпқабатты үй бүлініп, бір зейнеткер әйел қаза тапты, 20 тұрғын эвакуацияланды.

Сергиев-Посад округінде дрон шабуылы кезінде электр подстанциясы зақымданған. Әлеуметтік желілерде қаладан көтерілген түтіннің видеосы жарияланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі түні бойы 48 украин дронының жойылғанын хабарлады.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр