Қытай Еуропаға қарсы сауда соғысын қыздырды

05.07.2025, 10:14
5863
Қытай Еуропаға қарсы сауда соғысын қыздырды Ludovic Marin / Reuters

Енді Еуропа коньягіне баж салығы көбейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытай Еуропа Одағымен ашық сауда соғысына кірісті.

5 шілдеден бастап Қытай Еуропадан әкелінетін коньяк пен брендиге кедендік баж салығын едәуір өсіреді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі 4 шілде күні жариялады. Шешім Еуропадан импортталатын брендиге қатысты жүргізілген антидемпингтік тергеу нәтижесінде қабылданған.

Жаңа тәртіпке сәйкес, алдағы бес жыл бойы Еуропадан жеткізілетін алкоголь өнімдеріне баж салығы жоғарылайды. Ең ірі соққыны Hennessy бренді алады — оның өніміне 34,9% баж салығы салынады. Remy Martin үшін — 34,3%, Martell үшін — 27,7%. Бұл шешім — түпкілікті және қайта қаралмайды.

Алайда кейбір өндірушілер — мысалы, Pernod Ricard пен Remy Cointreau — егер өнімдерін белгіленген ең төменгі баға шегінен түсірмейміз деп уәде берсе, жаңа баж салығынан уақытша босатылады. Бірақ олар бұл шартты бұзған жағдайда, оларға да салықтар қолданылады.

Айта кетейік, француз коньяк өндірушілері табысының 98 пайызын экспорттан табады. Бұл саладағы басты сатып алушы — АҚШ (38%), ал екінші орында Қытай тұр — ол француз коньягының 25%-ын тұтынады.

Пекин Еуропа брендиіне қатысты тергеуді 2024 жылы бастаған болатын. Бұл Еуроодақтың Қытай электромобилдеріне қарсы импорттық баж салығын көтеру туралы жоспарына жауап ретінде қарастырылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды