14740

Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды

Марқұмның аяғы ауыр болған дейді кейбір дереккөздер.

Түркістанда өзеннен 27 жастағы әйелдің денесі табылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында Сайрамсу өзенінен 27 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы Almaty.tv телеарнасы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, марқұм демалыс кезінде отбасымен бірге өзен жағасында болған. Алайда белгісіз жағдайларда суға түсіп кеткен. Құтқарушылар әйелдің денесін үш күннен кейін ғана тапқан.

— Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері мен олардың туыстары белгісіз жағдайда суға құлаған.

1998 жылы туған жас әйелдің денесі ТЖМ қызметкерлері жағалауға шығарып алды. Іздестіру жұмыстарына 8 құтқарушы, 2 техника және бір эхолот тартылды, — деді Түркістан облыстық ТЖД инженері Ақарыс Омар.

Бейресми деректерге қарағанда, әйел жүкті болған.

Материал авторы