558

Казақстандық жоба Женевадағы халықаралық байқауда бірінші орын алды

Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады.

Казақстандық жоба Женевадағы халықаралық байқауда бірінші орын алды
Facebook/kairat_torebayev

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 7 шілдеде Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды. Бұл туралы Aikyn.kz. жазды.

Бүкіләлемдік дауыс беру нәтижесінде «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясында үздік деп танылды.

Марапатты Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

САК дегеніміз не?

САК – Қазақстан Республикасы Президенті Істері басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген инновациялық цифрлық жүйе. Ол еліміз бойынша:

• 500-ден астам көрсеткішті нақты уақыт режимінде қадағалап отырады

• Аймақтық және ұлттық деңгейде стратегиялық шешім қабылдауға көмектеседі

• Президент Әкімшілігі мен Істер басқармасында сәтті қолданылып жатыр.

Бұл неге маңызды?

• Бұл – 2013 жылдан бері Қазақстанның WSIS Prizes жобасындағы алғашқы жеңісі

• Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағы жетістігін мойындау

• Бұл – GovTech бағытының нақты нәтижесі

• Бұл – ақпараттық технологиялар арқылы тиімді мемлекеттік басқарудың айқын мысалы

«Бұл жеңіс – тек бір жобаның ғана емес, бүкіл елдің технологиялық жетілуінің дәлелі», – делінген жоба мәлімдемесінде.
Жобаның артында техникалық сараптама, көпжылдық жүйелі еңбек және заманауи басқару мәдениеті тұр. Команданы Рустам Қожасбаев пен оның әріптестері WSIS сахнасынан құттықтады.