449

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Өңірлерде қатты ыстық, найзағай, бұршақ және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
EFE

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстанның бірнеше облысында күрделі метеожағдай қалыптасуы мүмкін. "Қазгидромет" республикалық мекемесі еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады.

Келесі облыстарда төтенше немесе жоғары өрт қаупі сақталады:

Түркістан облысы — күндізгі уақытта батыста 40°C аптап ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысы — солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, басқа бөлігінде жоғары өрт қаупі.

Атырау облысы — 35°C ыстық, жоғары өрт қаупі.

Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, БҚО — бірнеше күн бойы өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Қонаев, Шымкент, Тараз, Атырау, Талдықорған, Павлодар қалаларында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін өңірлер:

Абай облысы – түнде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

ШҚО – күндіз кейбір аумақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және найзағай күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары – найзағай мен бұршақ қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін.

Аталған өңірлерде күшті жел мен шаңды дауыл болады:

Абай, ШҚО, Ақмола, Түркістан, Алматы облыстарында желдің күші 15–23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстік және орталық бөлігінде шаңды дауыл болжануда.

Ал мына өңірлерде күн қатты ысиды:

Түркістан – 40°C

Қонаев, Жетісу облысы – 35–37°C

Атырау облысы – 35°C

Құтқарушылар тұрғындарды аса қажет болмаса далаға шықпауға, орман мен далада от жақпауға шақырады. Жел, найзағай, шаңды дауыл мен аптап ыстық жол-көлік қозғалысына және тұрғындардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.

Материал авторы