«Жедел жәрдем де, полиция да келген жоқ»: Ақтаулық келіншекті емізулі сәбиімен бірге көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Жаяу жүргінші өткелінде әйел адамды баласымен бірге қағып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 шілде күні Ақтаудағы 9 және 10-ықшам аудандар аралығындағы жаяу жүргінші өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік бір әйел адамды емізулі сәбиімен бірге қағып кеткен.
Оқиға сағат 17:01 шамасында «Saya Park» сауда орталығының маңында болған.
Жергілікті Instagram пабликтердің хабарлауынша, рөлде әйел адам отырған. Жол апатынан кейін жүргізуші зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны өз көлігіне отырғызып, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөліміне өзі жеткізуге уәде берген.
Алайда, оқиға орнына жедел жәрдем де, полиция да шақырылмаған. Бұл жайтты көрген куәгерлердің алаңдаушылығын туғызды.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
Материал авторы