#домбыракүні: TikTok Қазақстандықтарды Домбыра күнін атап өтуге шақырады

06.07.2025, 10:43
11080
#домбыракүні: TikTok Қазақстандықтарды Домбыра күнін атап өтуге шақырады TikTok

Домбыра күні қарсаңында TikTok қазақстандықтарды ұлттық аспаптың үнімен біріктіретін ауқымды онлайн-науқан бастады.

Еліміздің ең мәдени маңызды мерекелерінің бірі - Домбыра күні қарсаңында, TikTok бейне платформасы Қазақстанның басты музыкалық символына арналған науқанды бастайды. Пайдаланушылар тікелей эфирде домбырашылардың өнерлерін күтеді, ал #домбыракүні арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспапта өз өнерлерімен бейнероликте бөлісе алады және еліміздің түкпір-түкпірінен басқа да дарынды музыканттардың өнерін тыңдай алады.

Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстан Домбыра күнін атап өтеді – бұл ғасырлар бойы көшпелі мәдениетті, поэзияны, ауызша шығармашылықты және қазақ халқының рухани дәстүрін сүйемелдеген ұлттық музыкалық аспапқа арналған мереке. Биылғы жылы мереке күні 6 шілдеге келді, алайда, TikTok арқасында қазақтардың ең көне ұлттық аспаптарының бірінің дыбысын демалыс қарсаңында тамашалауға болады. 

TikTok қосымшада мерекеге арналған арнайы парақшаны іске қосты. Сондай-ақ, осы жұма, 4 шілдеде TikTok LIVE @tiktoklive_eecca ресми аккаунтында Домбыра күніне арналған онлайн-концерт өтеді. Пайдаланушыларды дәстүрлі күйлердің, авторлық композициялардың және күтпеген каверлердің орындалуы күтеді.

Бағдарламада өнер көрсететіндер:

18:00-19:00 Ками Кернай @kamikernai
19:00-20:00 Жакс Мухаметжанов @zhakso_

Сондай-ақ #домбыра күні хэштегімен пайдаланушыларды басқа дарынды домбырашыларды тамашалауға, сондай-ақ шебер орындалған өнер мен дуэттерден бастап, үйдегі шағын концерттер мен оқу бейнелеріне дейін домбыраның үні естілетін бейнелерімен бөлісуге шақырады.

TikTok-тағы домбырашылар

TikTok-тағы он ең танымал домбырашылар аккаунтының жалпы аудиториясы қазір 1 миллион жазылушыдан асты және олар 17,9 миллионнан астам лайк жинады. Пайдаланушылар платформада музыкалық контентті дамытуға белсенді қатысуда: #домбра, #домбыра, #dombra және #dombyra хэштегтерімен 64000 астам бейнелер жарияланды және олардың саны өсуде.

TikTok-тағы 10 танымал домбырашы-креаторлар

@amandyk.kuandyk (233 мың жазылушы),
@zhakso (233 мың жазылушы),
@a.akhmetova (112 мың жазылушы),
• @amandyk.dombyra (112 мың жазылушы),
@kamikernai (109 мың жазылушы),
@dombrat (100 мың жазылушы),
@serper.dombyra (82 мың жазылушы),
@baq.dombyra (62 мың жазылушы),
@vsem_dombra (59 мың жазылушы),
@nurkam.24 (35 мың жазылушы).

Домбыра бұл тек музыкалық аспап емес. Ғасырлар бойы ол қазақтарға эмоцияларын білдіруге, ауызша дәстүрлерді жеткізуге және халықтың жан дүниесін ашуға көмектесті, сондықтан ол елдің мәдени игілігіне айналды. Бүгін ол сахнада, тойларда, әр үйде және TikTok платформасында ойнап, шығармашылық тұрғыдан қайта түрленіп, дыбысталуын жалғастыруда. Платформа креаторлары домбыраны мәдени жаңғыру мен шығармашылықтың символына айналдырып, оның бүкіл әлемге танымал болуына көмектесуде.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады