«Үйлі болайық» деген желеумен алаяқтық жасағандар анықталды

08.07.2025, 12:02
752
«Үйлі болайық» деген желеумен алаяқтық жасағандар анықталды бейнежазбадан

Жұртқа пайызсыз ипотеканы насихаттаған «UILI BOLAYIK» атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «UILI BOLAYIK» (Үйлі болайық) деп аталған қаржы пирамидасының қызметін әшкерелеп, оны тоқтатты.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде көрсетіп, азаматтарға мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болатынын алға тартқан. Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15–30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген.

Азаматтардың ақшасы ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған. Ал аталмыш «UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының» шоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қаражат қозғалысы болмаған.

Нәтижесінде, бұл қаржы пирамидасына 515 адам тартылып, 50 миллион теңгеден астам қаржы жиналған.

Соттың санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына бұғат қойылып, оған елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді