580

Қостанайда он ай бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды

Еріктілер жабылып іздеген жас жігіттің мәйіті табылды.

Қостанайда он ай бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда 10 ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен Насиф Магеррамовтың мәйіті табылды. Бұл туралы Qostanay.TV хабарлады.

Еріктілердің мәліметінше, Насиф 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған. Содан бері оны туыстары, полиция және еріктілер бірге іздеген.

«Біз жақсы жаңалықтан үміт үзбедік. Бірақ, өкінішке қарай, бұл іздеу қайғылы аяқталды. Насифтің жақындары мен отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Насифтің жарқын бейнесі жадымызда қалады», — деп жазды «Регион-10» еріктілер тобы.

Еріктілер іздеуге көмектескен, ақпаратпен бөліскен және бейжай қалмаған барлық жандарға алғыс айтты.

Материал авторы