SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Yuframe тобында вайн түсіріп танылған белгілі блогер Артур Асқарұлы ресми түрде отбасын құрды.
Танымал журналистің үлкен ұлы Артур Асқарұлы мен сүйіктісі Замира Сайдова заңды түрде некелерін қиды. Жас жұп неке куәліктерін қолдарына алып, ресми түрде ерлі-зайыпты атанды.
«Бүгін – дәл бір жыл бұрын көңіліміз жарасқан күн. Енді міне, заңды түрде отбасымыз», – деп бөлісті Артур өзінің Instagram парақшасында.
Замираның әлеуметтік желідегі парақшасына қарағанда, ол киім дизайны саласында еңбек етеді. Ол сән әлеміне жаңаша көзқараспен қарап, өзіндік стиль қалыптастырып жүрген креативті дизайнер. Артур мен Замира шығармашылық ортада танысып, бір-бірін жақын тани түскен.
Айта кетейік, Артур сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты Көлсай көлінің етегінде, көркем табиғат аясында жасаған. Бұл сәт әлеуметтік желіде кең тарап, жұрттың ыстық ықыласына бөленген болатын.
RUS