Абылайхан Әбен Цифрлық үкіметті қолдау орталығында жаңа қызметке кірісті
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Абылайхан Әбен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының Заңдық сүйемелдеу қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Әділет министрлігінде халықаралық бағыт бойынша жұмыс істеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Абылайхан Әбен Цифрлық үкіметті қолдау орталығының Заңдық сүйемелдеу қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Осы қызметке дейін ол ҚР Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарып, халықаралық шарттарды құқықтық сүйемелдеуге жауапты болған және интеграциялық бірлестіктер аясындағы жұмыстарға қатысқан.
Абылайхан Әбен – халықаралық құқықты терең меңгерген, жүйелі ойлайтын, көшбасшылық қасиеті бар білікті заңгер ретінде танылған маман.
Материал авторы