Астана күніне орай елордада Астана мен Қарағанды командалары арасында инклюзивті футболдан жолдастық матч өтті

08.07.2025, 20:21
705
Астана күніне орай елордада Астана мен Қарағанды командалары арасында инклюзивті футболдан жолдастық матч өтті Bolashak Charity

2025 жылғы 8 шілдеде Астанада ерекше спорт мерекесі өтті — Астана мен Қарағандыдан келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар жасөспірімдер арасындағы жолдастық матч ұйымдастырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс-шара Қазақстандағы аутизм, Даун синдромы және басқа да психикалық ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы инклюзивті футбол лигасы — UNI Football League жобасы аясында өтті.

Бұл бірегей әлеуметтік жобаны іске асыру үшін «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры күш біріктірді. Жобаның мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмектесу мен мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.

UNI Football League жобасы 2023 жылы Астана қаласында Қысқы қайырымдылық балының қаражатына басталған болатын. Бүгінде Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен және Freedom Шапағат корпоративтік қоры арқылы бұл Лигаға Қазақстанның 9 қаласынан 115 бала қатысуда: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Барлық қатысушылар спорттық киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және ОБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өткен білікті жаттықтырушылардың басшылығымен жаттығады. Әр қалада жаттықтырушылардың UEFA-ның B, C және D санатындағы лицензиялары бар мамандары жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – ерекше балаларға тұрақты дене белсенділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беру және олардың әлеуметтенуіне қауіпсіз әрі қолдаушы орта құру.

Астаналық 18 жастағы Нұрсұлтан Әбдірахман Даун синдромымен өмір сүреді. Жобаға дейін үйден сирек шығатын, үйде оқитын бала болған.

«Футбол – ұлым баруға асыға күтетін жалғыз секция. Жаттығулар оған күш, сенімділік және өз-өзіне сену қабілетін берді. Ол шыдамдырақ, мақсат қоя білетін, қиындықтарды жеңуге үйренген балаға айналды. Үйлесімділігі, жалпы жағдайы жақсарды. Мұнда оны қабылдайды, қолдайды және бағалайды», – дейді анасы Айнұр Ажданова.

Ал аутизмі бар 17 жастағы Алдияр Жоламан да Астанадан. Жобаның басынан бері бірде-бір жаттығуды жібермеген.

«Ұлым үшін футбол жай ғана ойын емес. Ол бала кезінен “Астана” командасының матчтарын асыға күтетін, ешқашан тікелей эфирді жібермейтін, аулада басқа балалармен бірге ойнауға тырысатын. Бірақ бұрын футбол біздің балалар үшін қолжетімсіз болатын. UNI Football League жобасы іске қосылғаннан бері бәрі өзгерді. Бұл Алдияр мен аутизмі бар басқа да көптеген балалар үшін өзін көрсетуге, өзгелермен өзара әрекеттесуге, ережелерді сақтауға және өз күшіне сенуге мүмкіндік. Мұндай жобаның Қазақстанда іске асқаны – біз үшін нағыз керемет. Осы маңызды әрі қажет жобаны іске асырып, дамытып жүрген барша жандарға үлкен алғыс!» – деді анасы Алия Бейсембаева.

Қарағандылық 11 жастағы қақпашы Әбілмансұр Асаев тек футболда ғана емес, жеңіл атлетика, жүзу және хореография бойынша да байқаулардың жүлдегері.

«Осындай мүмкіндік барына біз өте қуаныштымыз. Балалар футбол арқылы дамып жатыр. Немеремнің мінез-құлқы, зейіні жақсарды, өз-өзіне сенімді және ашық бола бастады. Ең бастысы – балалар бір команда екенін түсінді. Әбілмансұр футболға қуана барады, оған футбол ойнау қатты ұнайды», – дейді әжесі Марзия Зарипова.

Жоба балаларға тек физикалық тұрғыда дамуға ғана емес, достар табуға, команданың бір бөлшегі болуға, қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Матчқа ерекше қажеттіліктері бар балалар, олардың ата-аналары, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар мен серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, ата-аналар жобаның өкілдерімен сөйлесіп, алғыстарын білдірді.

Матчтың серіктестері: «A-Event KZ» компаниясы, «Додо Пицца» халықаралық пиццериялар желісі, «TASSAY» сауда белгісімен «ЮНИКС» ҚБ және «Chunky Astana» ЖК.

«UNI Football League – Қазақстандағы инклюзивті спортты дамытудың маңызды қадамы. Біз Қазақстан футбол федерациясына, Freedom компаниясына, Испания Корольдігінің Елшілігіне және бізді қолдайтын барлық серіктестерге алғысымызды білдіреміз. Жоба 2023 жылы қорымыздың Қысқы қайырымдылық балы есебінен басталған болатын. Биыл біз 15-ші мерейтойлық Қысқы балымызды өткіземіз. Ондағы жиналған қаражат біздің бағдарламаларымызды дамытуға және, әрине, осы жобаны жалғастыруға жұмсалмақ», – деді Bolashak Charity ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Freedom Шапағат» корпоративтік қоры мен жалпы Freedom Holding Corp. үшін бұл жай ғана жоба емес. Бұл – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге және әрбір бала, даму ерекшеліктеріне қарамастан, өзін көрсете алатын, команда мүшесі болып, белсенді де мазмұнды өмір сүре алатын инклюзивті қоғам құруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі», – деп атап өтті Freedom Шапағат КҚ президенті Баглана Мусина.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр