Қазақстандық чемпион спортшы Сауд Арабиясында тұтқындалды

09.07.2025, 11:07
721
Қазақстандық чемпион спортшы Сауд Арабиясында тұтқындалды Jesus Trillo Lago / iStock

Арабиядағы дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Азия чемпионы, пауэрлифтингтен әлем біріншілігінің жүлдегері Сергей Веселов Сауд Арабиясында тұтқындалды. Бұл ақпаратты алғаш болып «За нами уже выехали» телеграм-арнасы жария етті, кейінірек спортшының туыстары мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де растады.

Спортшының әкесінің айтуынша, Сергей 19 маусымда Астанадан Ыстамбұл арқылы Сауд Арабиясына ұшқан. Алғашқы аптада туыстарымен тұрақты байланыста болған. Бірақ кейін байланыс үзіліп, жақындары өз бетінше іздеуге кіріскен.

«Қазір оның тірі екенін білеміз. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ нақты қандай бап бойынша айыпталғаны және қайда қамауда отырғаны бізге айтылмай отыр. Сауд Арабиясының Медина қаласында екенін ғана консул хабарлады», – деді спортшының әкесі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де Сергей Веселовтың ұсталғанын растады. Ведомствоның айтуынша, ресми айып тағылған жоқ, дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Құқық қорғау органдары қамауға алды. Қазіргі уақытта ол Медина қаласында. Қазіргі кезеңде тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген министрлік жауабында.

Сергей Веселов – пауэрлифтингтен Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы. Оның не себепті ұсталғаны әзірге белгісіз.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді