1085

Ресей Украинаға бір түнде 740-тан астам дрон жіберді: Зеленский ауыр санкцияларды талап етті

Ресей мұнайын сатып алушылар – соғыс демеушілері дейді Зеленский.

Ресей Украинаға бір түнде 740-тан астам дрон жіберді: Зеленский ауыр санкцияларды талап етті
AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украинаға соғыс басталғалы ең ірі әуе шабуылын жасады. Украина Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері 741 әуе нысанасының 718-ін, оның ішінде жүздеген "Шахед" дроны мен зымырандарды атып түсірген.

Бұл туралы Украина Қарулы Күштерінің Әуе күштері хабарлады.

«Жаңа ауқымды шабуыл. Бір тәулікте 741 әуе нысанасы тіркелді: 728 дрон (оның ішінде 300-ден астамы — "Шахед"), сондай-ақ 13 зымыран – "Кинжал" мен "Искандер"», – деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында.

Зеленский: Ресей мұнайына ауыр санкциялар керек

Украина басшысы Ресейге қарсы санкцияларды күшейту қажет екенін айтты. Ол Мәскеудің әскери машинасын қаржыландырып отырған ресейлік мұнайға "ауыр және нақты соққы" беру керек деді.

«Ресей мұнайын сатып алушылар – соғыс демеушілері. Оларға да екінші деңгейлі санкциялар қолдану қажет», – деді Зеленский.

Зардап шеккен аймақтар

Негізгі соққы Волынь облысына, атап айтқанда Луцк қаласына бағытталған. Бұдан бөлек, Днепропетровск, Житомир, Киев, Кировоград, Николаев, Сумы, Харьков, Хмельницкий, Черкассы және Черниговоблыстарында да қираған нысандар бар.

Украина қорғаныс күштерінің мәліметінше, 711 дрон мен 7 зымыран атып түсірілген, алайда төрт нысанаға тура соққы жасалған, сондай-ақ соғылған дрон қалдықтары 14 жерде құлаған.

Материал авторы