SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Шерзат Полат пен Нұрғанат Ғайыпбаевтың әпкесі Перизат Нұрымова бауырының жұмбақ өліміне қатысты құпияны ашты. Бұл туралы ол Qazaq Airan арнасына берген сұхбатында айтып берді.
Жүргізуші Перизат Нұрымовадан «Нұрғанат қайтыс болар алдын бауырларына қоштасу хатын жолдады. Соны тексеріп, зерттеп көрдіңіздер ме?» деп сұрады.
«Ол мені 34 жастағы әпкем деп көрмейтін, мені досындай көретін. Екеуміздің арамыз 4-ақ жас. Бірде бір рет маған әпке деп көрмепті. «Әпке, сен маған көмектесіп, демеуші болып жүрдің. Анам аманат, балаларың үшін өмір сүр» деп жазылған.
Біріншіден ол олай ұзақ қып ешқашан жазбайды. Не аудиожазба, не бейнеқоңырау, не хабарласады. WhatsApp-тағы қоңырау жақсы дамыған бізде. Сол үшін анадай қылып хат жазғанын бірінші рет көрдік. Қысқа жазуы мүмкін, бірақ ол жерде анадай қылып ұзақ жазуы үшін қанша уақыт керек деп ойлаймын да», - дейді ол.
Перизат Нұрымованың айтуынша, олар үйде 5 ағайынды. Бірақ Нұрғанат қайтыс болар алдын тек 3 бауыры және келіншегіне хат жолдап, кіші қарындасына хат жібермеген. Бұл оның күдігін туғызған. Себебі өлер алдында Нұрғанат өз қарындасын ұмытып кетуі мүмкін емес дейді.
«Менің бір күдіктенетінім, біз - 5 ағайындымыз. Бірақ тек 4-еумізге хабарлама келеді де, 5 кіші бауырымызға хат келмейді. Неге? Менің күдігім - ол 5 ағайынды екенімізді білмейтін адам. Оны көрсеткіміз келмейді, студент болған соң қауіптенеміз. Демек жазған адам тек 4-еумізді көрді, төртеумізге ғана хат жолдады. Демек жазған адам бесіншіміздің барын білмейді. Білсе, жазуы керек еді. Мен Мейірман ағаға да осыны айтқанмын.
Әйеліне, маған, Қаржаубай мен әпкеме жазады. Сіңіліме келмеді. Керісінше Нұрғанат сіңілімді қатты жақсы көріп, еркелетіп жүретін. Оған қарап, сабақтан алып кетіп, әлпештеп жүретін. Қалай Нұрғанат қарындасын ұмытып кетеді? Жақсы, әкеме жазбады, ол WhatsApp желісін онша пайдаланбайды. Бірақ қарындасына жазбауы - күдікті», - дейді ол.
RUS