2026 жылдан бастап Қазақстан футболында отандық ойыншылардың жұлдызы жанатын секілді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаңа заң күшіне енген соң, шетелдік легионерлердің жалақысын мемлекет пен квазимемлекеттік сектор төлемейді. Бұл өз кезегінде қазақстандық футболшыларға деген сұранысты арттырып, олардың жалақысын бірнеше есе көбейтпек.
Комментатор Ермұхаммед Мәуленнің айтуынша, қазір қазақ футболшыларының орташа айлығы 1,8–2,2 млн теңге көлемінде болса, 2026 жылдан бастап ең төменгі жалақы 6–7 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.
"Бұл – отандық футболшылар үшін нағыз бақытты кезеңнің бастауы. Себебі клубтар енді легионерлерге артық шығындалмау үшін жергілікті ойыншыларға көбірек сенім артады", – дейді спорт шолушысы.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, шетелдік футболшылармен жаңа келісімшарттар жасасу барысында олардың еңбекақысы мемлекеттік немесе квазимемлекеттік қаржы есебінен төленбейді. Бұл шешім кәсіби спорт нарығындағы қаржылық әділеттілікті қалыптастыруға бағытталған.
RUS