Шен жоғары, іс даулы: Полковник зорлады деген күдікке ілінді
Астананың 47 жастағы тұрғыны полицияға арыз түсіріп, танысын өзін зорлады деп айыптады
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана полиция департаменті 47 жастағы елорда тұрғынының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.
Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник. «Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД.
Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған болатын.