521

Алатау қаласында 73 млрд теңгеге көлік-логистика орталығы салынады

QAZAQ INVEST 2025 халықаралық форумында Алматы облысының стратегиялық бастамалары таныстырылды.

Алатау қаласында 73 млрд теңгеге көлік-логистика орталығы салынады
Алатау әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Алатау қаласын дамытудың алдағы жоспарымен бөлісті. Бұл туралы kazinform ақпараттық порталы жазды

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін Алатауда екі ірі жоба жүзеге асырылады. Олар: инвестиция көлемі 10 млрд теңге болатын индустриялық парктің екінші кезеңін іске қосу (жаңа 20 мың шаршы метр қойма алаңдары) және 73,3 млрд теңге көлеміндегі көлік-логистика орталығын салу.

— Алатау қаласында Шэньчжэнь үлгісінде арнайы экономикалық аймақ құрылған. Біз инвесторларға дайын инфрақұрылым, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер, сондай-ақ халықаралық нарықтарға тікелей қолжетімділік ұсынамыз, — деді Рустам Исатаев.


Еске салайық, Алматыдан солтүстікке қарай 47 шақырым жерде орналасқан Жетіген ауылы облыстық маңызы бар Алатау қаласына айналған болатын.