Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды

24.03.2023, 16:35
526
Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды Instagram/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 24 наурызда Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Әкімнің айтуынша, қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді.

"Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар", - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. 

Ол жұмыс процесінде ЖЭО 67рет тер істен шыққанын атап өтті. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаң жарылды.

"Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз", - Даниал Ахметов.

Оның сөзінше, жағдайды шешудің жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу.

"Біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз", - Даниал Ахметов

23 наурыз күні Риддердегі жылу электр орталығында тағы бір апат болды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 24 наурыз күні Риддердегі жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынып, тұрғындар үшін жылу тарифі төмендетілетінін хабарлады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды