«Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»
Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте кәмелетке толмаған қызды өлтірді және оның денесін қорлады деп айыпталған 19 жастағы жігітке үкім шығарылды. Бұл туралы Orda.kz. жазды
Соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың наурыз айында әлеуметтік желі арқылы 17 жастағы қызбен танысады. Олар біраз уақыт сөйлесіп жүреді. 2025 жылдың 11 наурызында қыз жігітке қоңырау шалып, онымен қарым-қатынасын үзетінін айтып, оны әлеуметтік желілерде бұғаттап тастайды. Бұл сотталушыны ашуландырды. Ол қызды өлтіруге бел буып, пышақ сатып алады, көлік жалдайды. Келесі күні қызды қаланы аралап келуге көндіреді. Қызбен бірге қаланың шетіне шыққан жігіт оны пышақтап өлтіріп, денесін қорлайды.