Ақтөбеде су тақыны кезінде зардап шеккен үйлерді иелерінің бұзып алуына уақыт берілді
Тасқын кезінде бұзылған үйлердің иесі мүлікті өз қаржысына есептен шығаруы тиіс. Бұзып алуға да уақыт берілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра ауылы былтыр түгел суға кетіп, үйлері жарамсыз болып қалды. Бұл туралы kazinform жазды.
Ауыл өзге жерге көшіріліп, жаңа үй салынды. Ендігі міндет үйді есептен шығару, жаңасына құжат рәсімдеу. Тұрғындар бұл жұмыстарға 50-100 мың теңге қажет деп отыр.
— «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 22 бабына сәйкес жаңа үйлердің құжатын алу үшін тасқынынан зардап шеккен ескі үйлерlің құжатын тапсыруы қажет. Жалпы аудан бойынша 161 тұрғын үй зардап шекті. Қазіргі уақытта 45 тұрғын үй иесі ескі үйлерін есептен шығарды. Аталған қызмет көрсету жұмыстары «Азаматтарға арналған үкімет» МКК арқылы іске асырылады. Сөйтіп тұрғын үйдің жер учаскесін белгілейтін актісін мемлекет меншігіне тапсыруы қажет. Осы жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін жаңадан салынып, берілген үйлердің құжаттары табысталады. Бұл мәселе бойынша ауыл тұрғындарымен бірнеше рет кездесу ұйымдастырылып, түсіндірілді. Жалпы тұрғын үйді мемлекеттік есептен шығару үшін жұмсалатын қаржы көлемі 30-40 мың теңге көлемінде. Бұл қаржы мемлекеттік қызмет көрсетуші тарапқа төленеді, — деп хабарлады Ырғыз ауданы әкімдігі.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылға тұрғын үйлерді бұзып, материалдарын өздері алуға уақыт берілген. Сондықтан да сүруге қаржы қарастырылмады.