SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, туристердің сансыз шағымынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қатаң тапсырма берді.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысы Алакөл аймағындағы инфрақұрылымның әлсіздігі, қызмет көрсету сапасының төмендігі және қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігін сынға алды.
Үкіметке еліміздің барлық туристік бағыттарын шұғыл тексеріп, кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту міндеттелді.
RUS