Елімізде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілгелі жатыр

10.07.2025, 18:04
517
Елімізде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілгелі жатыр ProfChoice

Мұндай ақпаратты Әділет министрлігі қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әуе кемесін басқаруға кедергі жасау әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қаралуда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды.

– Қазақстанда әуе экипажын лазерлік құрылғылармен "соқыр ету" оқиғалары жиілеген. Әдетте бұл әрекеттер ұшақ қонған немесе көтерілген кезде болып жатады. 2023 жылы пилоттарды лазерлік құрылғылармен "соқыр етудің" 60 дерегі тіркелді. Оның ішінде 35 дерек бойынша тергеу жүрді, бірақ 33 іс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды және 2 іс қылмыскер анықталмағандықтан жабылды. Қалған материалдар құзырлы органдарға жіберілді немесе іс дәптеріне тіркелді, – деді Әділет министрлігінің өкілі.

Думан Сүлейменов Алматы халықаралық әуежайында 2017 мен 2023 жыл аралығында 98 жағдай тіркелгенін айтты. Әрі кейбір елдерде әуе кемесіне лазерлік шабуыл қылмыс саналатынын жеткізді. 

– Австралия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ-та лазерлік шабуыл қылмыс болып есептеледі. 2016 жылы Өзбекстанда Қылмыстық кодекстің 263-1-бабына сәйкес әуе кемесі экипажына лазер сәулесімен кедергі жасағаны үшін 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Германияда 315-бап "Теміржол, су немесе әуе коммуникацияға қауіпті кедергі жасау" аясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) әуе қозғалысының қауіпсіздігіне лазер сәулелерінің тәуекелін таныды, – деп нақтылай түсті ол. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады