«Дүниеден озғаннан кейін беретін шығар»: 30 жыл бойы сахнадан түспеген Бауыржан Исаев әлі атақ алмағанын айтты
30 жыл сахнада жүрген Бауыржан Исаев ешқандай атақ алмағанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Бауыржан Исаев Jibek Joly арнасындағы “Бүгін.Live” бағдарламасында өнердегі 30 жылдық жолына қарамастан, ешқандай мемлекеттік атақ алмағанын айтты.
“Атаққа мұқтаж емеспін. Бірақ сахнада жүргеніме 30 жыл болды. Әлі күнге дейін атақ берген жоқ. Мүмкін, бізде атақты адам өмірден озғанда ғана беретін шығар… Халық баяғыда өз бағасын беріп қойған”, – деді әнші.
Ол атаққа лайықты басқа әріптестері көп екенін айтып, Мұрат Құсайыновтың мысалын келтірді.
Сұқбат барысында Исаев отбасы туралы да ашық айтты:
– 4 баласы бар: үшеуі қыз, кенжесі — 3 жастан асқан ұл.
– Тек бір қызы өнерге жақын — фортепиано тартып үйреніп жүр.
– Әлеуметтік желіден алшақ, TikTok пен Instagram-ға уақыт құртпай, бос уақытын тек отбасына арнайтынын айтты.
“Кейбіреулер мобилографымен жүреді. Мен ондайды түсінбеймін”, – деді ол.