Астанада «Самұрық-Қазына» қолдауымен 10 мектепте ерекше балаларға арналған инклюзия кабинеттері ашылады

11.07.2025, 13:09
446
Астанада «Самұрық-Қазына» қолдауымен 10 мектепте ерекше балаларға арналған инклюзия кабинеттері ашылады Баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылында елордадағы 10 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұл мақсатқа 300,6 млн теңге бөлінеді. Оның 208 млн теңгесі – «Charity Samruk Marathon 2025» қайырымдылық марафоны аясында жиналған қаражат, қалғаны — «Samruk-Kazyna Trust» қорының бюджеті есебінен қаржыландырылады. Қазіргі уақытта нысандарда жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Астана қаласының Білім басқармасының ұсынысымен жаңа кабинеттер ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін өзекті болып отырған №23, 29, 48, 54, 60, 71, 83, 91, 96 және 98 мектептерде іске қосылады. Жаңа сыныптардың арқасында 535 бала инклюзивті біліммен қамтылады. Бұған дейін де елордадағы 11 мектепте осындай кабинеттер ашылған болатын, соның бесеуі былтырғы қайырымдылық марафонының есебінен жүзеге асқан.

Осылайша, жаңа оқу жылында қор қолдауымен ашылған инклюзия кабинеттерінің жалпы саны 21-ге жетіп, Астанадағы ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың шамамен 40%-ы қамтылады.​
​Кабинеттер open space форматында ұйымдастырылып, дефектолог, логопед, психологтарға арналған арнайы аймақтармен, сондай-ақ қыш шеберханасымен жабдықталады. Бұған қоса, заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жеке емдік дене шынықтыру кабинеті де қарастырылған. Әр кабинет кемінде 60 шаршы метр аумақты алып жатыр, бұл балалармен жайлы жағдайда жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жыл бойы педагогтар мен мамандарға арнайы оқыту және әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен, «Қамқор инклюзив» және Астана қаласының әкімдігімен серіктестікте жүзеге асырылуда.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады