461

«Арықтағыңыз келсе – мақсатты өзгертпеңіз»: Сүлейменов инфляция 5%-дан аспауы керек дейді

Ұлттық банк төрағасы инфляция дәлізін төмендетудегі тұрақтылықтың маңызын түсіндірді.

«Арықтағыңыз келсе – мақсатты өзгертпеңіз»: Сүлейменов инфляция 5%-дан аспауы керек дейді
Ұлттық банк

SMARTNEWS.KZ басылымы kazinform ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияны 5 пайыз шегінде ұстап тұру – экономикалық саясаттың өзгермейтін бағыты екенін айтты. Оның сөзінше, бұл межені қайта-қайта өзгерте беру – халықтың сенімін жоғалтудың тура жолы.

— Біз үшін бұл тек сандар ойыны емес. 5 пайыздық дәліз – тұрақтылықтың, болжауға болатын болашақтың және инвестициялық сенімділіктің символы. Инфляцияға әсер ететін себеп көп: тарифтер өзгереді, сыртқы нарықта қысым күшейеді, экономикада артық ақша пайда болады. Бірақ осының бәріне қарамастан, мақсат өзгермеуі тиіс. Себебі нысана неғұрлым жиі ауыстырылса, оған сенім де соғұрлым әлсірейді, — деді ол.

Сүлейменов бұл көзқарасты өмірмен байланыстырып, әсерлі мысал келтірді:

— Мәселен, бір адам 10 килограмм салмақ тастағысы келді делік. Егер ол бастапқыда қойған мақсатын өзгертіп, «жеті кило да жетер», кейін «бесеу-ақ болсын» дей берсе, ол ешқашан қалаған нәтижесіне жете алмайды. Сол секілді біз де межені нақты қойдық – 5 пайыз. Бұл экономиканың денсаулығы үшін қажет, — деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, инфляциямен күрес – қысқа қашықтықтағы жарыс емес, ұзақ мерзімді марафон. Ал ондай марафонда бастысы — бағыттан жаңылмау.