SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 259,8 мың ресейлік азамат сот арқылы өзін банкрот деп таныған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға көп.
Банкрот деп танылған азаматтардың басым бөлігі (97%) бұл қадамға өз еркімен барған. Ал несие берушілерборышкерлерді төлемге қабілетсіз деп тануды тек 2,1% жағдайда, ал Федералдық салық қызметі небәрі 0,6% жағдайда ғана сұраған.
Қарызды қайта құрылымдау жиілеп жатыр
Азаматтардың банкроттық рәсімдері кезінде қарызды қайта құрылымдау жоспары жиі бекітіле бастады. Бұл — борышты бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру арқылы өтеуге мүмкіндік беретін тетік. Егер борышкер жоспарға сәйкес төлем жүргізсе, ол банкрот деп танылмайды.
2025 жылдың алғашқы алты айында 1152 қайта құрылымдау жоспары сотпен бекітілген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп.
Федресурс басшысы Алексей Юхниннің айтуынша, Жоғарғы соттың түсіндіруінен кейін, тіпті несие берушілердің келісімінсіз де қайта құрылымдау жоспарын сот арқылы бекіту мүмкіндігі жиілей түскен.
Соттан тыс банкроттық – қолжетімді көмек
Жылдың екінші тоқсанында азаматтардың өтінішімен 15,9 мың соттан тыс банкроттық рәсімі басталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,5%-ға көп.
РФ Экономика министрінің бірінші орынбасары Михаил Колесников бұл рәсімнің азаматтар үшін нақты қаржылық қолдау екенін атап өтті. Оның айтуынша, тегін әрі сотқа жүгінбей-ақ банкрот болу тетігі қиын жағдайда қалғандарға көмектесіп жатыр.
RUS